«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы – 2025» республикалық байқауының II кезеңінің қорытындысы туралы

  • 28.11.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 85

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің  «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізілген «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» Республикалық байқауының II кезеңінің қорытындысын хабарлайды.

2025 жылы байқауға қатысуға көп өтінім келіп түсті. Қатысушылар мазмұнды, қызықты және тәжірибеге бағытталған материалдар ұсынды. Әрбір жұмыс жоғары кәсіби деңгеймен ерекшеленгендіктен, қазылар алқасының қызметі оңай болған жоқ.

Дегенмен, байқаудың мақсаты – үздік педагогтерді анықтау. Осы орайда біз еліміздің барлық өңірінен қатысқан педагогтердің белсенділігін және арнайы білім беруді дамытуға қосқан маңызды үлестерін ерекше атап өтеміз. «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы - 2025» байқауының қорытындысын шығара отырып, жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз.

Байқаудың II кезеңіне 71 жұмыс жолданды, олардың ішінде 49 жұмыс байқаудың Ережесіне сәйкес II кезеңге жіберілді. 22 жұмыс байқау талаптарына сәйкес болмағандықтан қабылданбады, бұл туралы тиісті негіздемесі бар жауап қалалардың және облыстардың білім басқармаларына жолданды.

Байқау арнайы білім беру саласына елеулі үлес қосып жүрген педагогтерді анықтауға және қолдауға бағытталған. Біз барлық қатысушыларға белсенділіктері, бастамашылдықтары және кәсіби дамуға деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз.

Ұсынылған материалдарды қарау нәтижесінде қазылар алқасы «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы - 2025» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және еліміздің барлық өңірлеріндегі педагогтерге арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз.

 

«Арнайы мектептің үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы

 

Жүлделі орын

 

Қатысушының аты-жөні

 

Аймақ

 

I орын

Ережепова Ризагуль Амангельдықызы

Ақмола облысы

 

II орын

Кудрявцева Юлия Исламовна

Қарағанды қаласы

III орын/место

Махметова Нургуль Мутапқызы

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

 «Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

 

Жүлделі орын

 

Қатысушының аты-жөні

 

Аймақ

 

I орын

Жумажанова Арай Амангельдиновна

Шығыс Қазақстан облысы

 

II орын

Шаханова Нургуль Абдулхамитовна

Ақтөбе облысы

 

III орын

Перикова Ирина Валерьевна

Ақмола облысы

 

III орын

Маслич Ольга Николаевна

Алматы қ.

 

«Арнайы балабақшаның үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

 

Жүлделі орын

Қатысушының аты-жөні

Аймақ

I орын

Куракбаева Жибек Худайбергеновна

Алматы қ.

I орын

Жампеисова Марина Викторовна

Шығыс Қазақстан облысы

 

II орын

Абзалбек Диана Серікбекқызы

Жамбыл облысы

 

III орын

Боярская Наталия Валентиновна

Маңғыстау облысы

 

 

«ПМПК үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

 

Жүлделі орын

Қатысушының аты-жөні

Аймақ

I орын

Акбаева Дарига Жанабаевна

Қарағанды қаласы

 

II орын

Ескендирова Сауле Бауыржановна

Ақмола облысы

 

III орын

Турысбекова Саян Каримтаевна,

Астана қ.

III орын

Буркашева Шынар Толыбаевна

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

«ОО, ППТК үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

 

Жүлделі орын

Қатысушының аты-жөні

Аймақ

I орын

Оздоева Оксана Владимировна

Ақмола облысы

II орын

Шолпанкулова Гульназ Мырзахановна

Алматы қ.

 

III орын

Байдаханова Аяулым Қабылғазықызы

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

«ППТК, арнайы балабақшаның үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы

 

Жүлделі орын

Қатысушының аты-жөні

Аймақ

I орын

Мурзекеева Шынар Ғайсарқызы

Батыс Қазақстан облысы

II орын

Төленді Гүлдана Әмірханқызы

Жамбыл облысы

 

III орын

Джуматаева Бакытгуль Балтабаевна

Павлодар облысы