Диалог алаңы: инклюзивті саясат, практика және мәдениет
2025 жылдың 12 желтоқсанында Көкшетау қаласында Ақмола облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудің жаңа парадигмасы аясындағы инклюзивті білім беру: инклюзивті саясат, инклюзивті практика, инклюзивті мәдениет» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына білім беру саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер; мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері; жалпы білім беретін және арнайы мектептердің мұғалімдері; колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары; білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары; облыстық білім басқармаларының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері; Қазақстан Республикасының және жақын шетел аймақтарындағы білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты – балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби бағдарлау мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылына арналған диалог алаңындағы жұмысты жалғастыру; педагогтерге әдіснамалық және практикалық қолдау көрсету; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) оқыту саласында білім беру ұйымдарының өзара ықпалдастығының болашағын іздестіру мен талқылауға бастамашы болу; білім берудің әртүрлі деңгейлері мен үкіметтік емес сектор өкілдері арасында тиімді диалог орнату.
Ғылыми конференцияның міндеттері: педагогтерге әдіснамалық және практикалық қолдау көрсету; ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балаларды (тұлғаларды) оқыту мәселелерінде ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу перспективаларын іздеу және талқылауды бастамалау; білім беру саласының өзекті міндеттерін шешу; білім беру деңгейлері арасындағы диалогты ұйымдастыру.
Конференция барысында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының президенті Алмагүл Сейсенова «Қазақстан Республикасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіби бағдарлау, кәсіби-еңбекке дайындау және қолдау үдерістерінің құқықтық жағдайы» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларды жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмысымен таныстырды.
Іс-шара инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Ұсынылған баяндамалар мен пікірлер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге негіз болды.

