Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні АИБД ҰҒПО ұжымы "Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін трансформациялау: конституциялық реформалар жобасын пәнаралық талдау" тақырыбындағы пәнаралық семинар өткізді
Басты мақсаты: ұжым арасында конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндіру, азаматтық құқық және өзгерістер бойынша ақпарат беру, өзара пікір алмасу.
Жаңа реформадағы өзгерістермен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстары өтіп, жаңа заң аясындағы орта білім беру, бала құқығы сынды тақырыптар көтерілді.