Халықаралық ынтымақтастық: Орталығымызға Гонконг сарапшылары келді!
Сүлеймен Демирел атындағы университет (SDU) ұйымдастырған «Science Talks: All About Inclusion — 2026» халықаралық конференциясы аясында біздің Орталық (АИБД ҰҒПО) Гонконгтан (Қытай) келген жетекші мамандармен тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналды.
Біз әлемдік деңгейдегі сарапшыларды қабылдағанымызға қуаныштымыз. Оның қатарында, Профессор Кеннет Син (Kenneth Sin) — Арнайы білім беру қажеттіліктері және инклюзивті білім беру институтының (EdUHK) директоры, зерттеуші-профессор; Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларды қолдауға маманданған Гонконгтың жетекші мектептерінің директорлары бар.
Сапар барысында біз әріптестерімізге жұмысымыздың кешенді моделін таныстырдық: қонақтарды еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мемлекеттік қолдаудың деңгейлі жүйесімен таныстырдық. Орталық базасында инклюзивті процесті жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан ағымдағы қолданбалы зерттеулер туралы айтып, әдістемелеріміз бен білім беру ортасының ұйымдастырылуын көрсете отырып, Орталық ішіне экскурсия жүргіздік.
Гонконгтық сарапшылардың сапары инклюзия — бұл ортақ жаһандық құндылық екенін тағы да растады. Біз өзара тәсілдермен алмасып, әріптестер тәжірибесінен шабыт алдық. Шынайы қолжетімді қоғам құру үшін кәсіби байланыстарды нығайттық.
SDU-дегі әріптестерімізге және гонконгтық серіктестерімізге терең сарапшылық диалог пен біздің жетістіктерімізді мойындағаны үшін шынайы алғыс білдіреміз!