Республикалық форум: «Конституциялық құндылықтар және инклюзивтілік принциптері»

  • 24.04.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 16

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Конституциялық құндылықтар және инклюзивтілік принциптері» атты Республикалық форум ұйымдастырылды. Маңызды диалог алаңы жұмысы еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мен Конституциялық реформаларды іске асыруға арналды.
Форумның негізгі мақсаты:
• Жаңа Конституция қағидаттарын білім беру саласында насихаттау;
• Заң мен тәртіп үстемдігін нығайту;
• Қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастырудағы педагогтердің рөлін арттыру.
Форум 250 қатысушының, оның ішінде Парламент депутаттары, министрлік өкілдері, білім басқармалары мен арнайы ұйымдардың басшылары, қоғам белсенділері мен ата-аналар қауымдастығы, пікірі мен тәжірибесі білім беру саласындағы заң үстемдігі мен инклюзия принциптерін ілгерілетуге тың серпін бермек. 
Бұл шара – тең мүмкіндіктер қоғамын құру жолындағы маңызды қадам!