АИБД ҰҒПО қабырғасында «Ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларына ерте қолдау көрсету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

  • 13.06.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 67

2026 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейін Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 25 маманы оқудан өтті.

Курс барысында тыңдаушылар ерте көмекті ұйымдастырудың заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін меңгеріп, дамуында ерекшеліктері бар ерте жастағы балаларды сүйемелдеуде қолданылатын инновациялық технологиялармен, арнайы жабдықтармен және компенсаторлық құралдармен танысты. Оның ішінде интеллект бұзылыстары, есту қабілеті бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, аутизм спектрі бұзылыстары және күрделі бұзылыстары бар балаларға қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.

Курс аясында мамандардың пәнаралық өзара іс-қимылы және тиімді ерте көмектің негізгі элементі болып табылатын отбасыға бағытталған тәсілді жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар қорытынды аттестациядан сәтті өтіп, белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы сертификаттарға ие болды.

АИБД ҰҒПО курс түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтайды және алынған білім мен дағдылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларының игілігі үшін практикалық қызметте тиімді қолданылатынына сенім білдіреді.

Қазақстан Республикасының арнайы және инклюзивті білім беру жүйесі мамандарының кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстарымызды жалғастырамыз.