«Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету»

  • 29.06.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 139

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де 22 маусымнан бастап республиканың барлық өңірлеріндегі арнайы білім беру ұйымдарының (ПМПК, ППТК және ОО) 26 мамандары «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету» тақырыбы бойынша білім алуда.

Оқыту барысында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалардың және олардың отбасыларының өмір сүру сапасын арттыруға байланысты ауқымды теориялық мәселелер қарастырылады. Дәрістерде аутизмі бар балаларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу және көмек көрсетудің заманауи ғылыми негізделген тәсілдері ұсынылады.

Оқудың алғашқы аптасында оқытушылар курс бағыттарының басымдықтарын айқындап, Қазақстан Республикасының арнайы білім беру саласындағы заңнамалық актілеріне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды таныстырды. Қатысушылар «аутизм спектрі бұзылыстары» және «аутизм» ұғымдарының мәнін түсініп, аутизмі бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу мен қолдау көрсетудің заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін қарастырды, балалардың туғаннан 3 жасқа дейінгі психикалық даму ерекшеліктерімен танысты.

Сонымен қатар мамандар ата-аналарды аутизмі бар баламен жүргізілетін дамыту жұмыстарына тарту бойынша практикалық тәжірибе алды.