Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

  • 02.07.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 35

Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығаюына, құқықтық айқындылық, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгі.

Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын іске асыру, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік, прогресс және білім құндылықтарын бекіту.

Сонымен қатар білім саласында: Мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізіледі. 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды. 8–11-сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі. Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Конституция әлеміне саяхат» атты иллюстрациялық оқу құралы әзірленді.