2026 жылғы 2 шілдеде «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де Қазақстан Республикасы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының мамандарына арналған «Қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.
Курс аясында педагог-психологтер, дефектолог мұғалімдер, логопедтер және басқа да мамандар қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуінде бұзылыстары бар, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттерін арттырды.
Білім беру бағдарламасы АСБ бұзылыстары бар балаларды диагностикалау, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және түзете-дамыту жұмыстарының заманауи, ғылыми негізделген тәсілдерін меңгеруге бағытталды.
Оқыту барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістері, баламалы коммуникация технологиялары, сенсорлық интеграция тәсілдері, түзету көмегін ұйымдастырудың заманауи стратегиялары, сондай-ақ әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Курс барысында мамандардың практикалық даярлығына ерекше көңіл бөлінді. Тыңдаушылар нақты кәсіби жағдайларды талдап, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи технологияларын меңгерді, сондай-ақ оларды психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының қызметінде тиімді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар оқытушылар мен курс ұйымдастырушыларына жоғары кәсіби деңгейі, бағдарламаның өзектілігі және алған білімдерінің практикалық маңыздылығы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Қатысушылардың пікірінше, курс барысында меңгерілген білім мен тәжірибе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.