Мерекелік медальдар Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлеріне көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, саланың заңнамалық негіздерін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен Жәдігер Қожахмет - Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры марапатталды.
Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Парламенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан айрықша үлесін атап өтіп, тәуелсіздік жылдары қабылданған заңдар білім беру жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртуға, ауқымды реформаларды іске асыруға және білім сапасын арттыруға берік негіз болғанын айтты.
Жұлдыз Сүлейменова марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградамен құттықтап, олардың көпжылдық адал еңбегі, кәсібіне деген адалдығы және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Іс-шара барысында Парламент пен мемлекеттік органдардың өзара тиімді ынтымақтастығы білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік бастамаларды тиімді іске асыруға және саланың тұрақты дамуына негіз болып отырғаны атап өтілді.*
Салтанатты рәсім Оқу-ағарту министрлігі қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген құрметтің және олардың елдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаудың айқын көрінісі болды.
Орталықтың ұжымының атынан шын жүректен құттықтай отыра, жұмысыңызға табыс, шығармашылық жетістіктер мен отбасыңызға бақыт тілейміз!

