ҰСТАЗДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

  • 27.08.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 23

«Ұлы Абай «Адам баласының ең жаманы – талапсыз» деп бекер айтпаған. Өзіне сенімсіз, жасық, әр нәрсеге мұңая беретін, үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр» - деп сөз бастады мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы «Адам капиталы, білім, прогресс - халықтық конституцияның негізгі құндылықтары» атты тақырыпты кеңінен талқылады. Атап өтерлігі, «Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның тірегі болатын жауапты әрі адал азаматтарды тәрбиелеу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Біз озық ойлы ұлт қалыптастыру жолында бірлесе еңбек етуіміз керек. Халқымызда «Білім – таусылмас қазына» деген сөз бар. Сапалы білім мен нағыз ғылымға ұмтылсақ, біз барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Білікті мұғалімдеріміз, дарынды жастарымыз, мызғымас бірлігіміз барда еліміз кез келген белесті бағындырады» - деді.

Ұлттың ұлт болып қалыптасу жолында ұстаздардың еңбегі айырықша екені хақ. Осы тұста Президент еңбегі орасан зор ұстаздарды марапаттап, педагогтарға ерекше алғысын білдірді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы тамыз конференциясында білімді дамыту және ЖИ туралы ерекше атап өтті.

Осы орайда, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инклюзивті және арнайы білім беру саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінетіні белгілі болуда. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті ортаны кеңейту, арнайы педагогтар мен дефектологтарды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бағыттарында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл бағыттағы шаралар әрбір баланың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың, сапалы білім алуға тең құқығын нақты іс жүзінде қамтамасыз етуге бағытталған.