ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДЕН НАҚТЫ ШЕШІМДЕРГЕ

  • 28.08.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 106

2026 жылғы 26 тамызда Астанада«Инклюзивті білім беру: тең мүмкіндіктер, арнайы қолдау және қолжетімді білім беруортасы» тақырыбындағы секция өткізілді.
Секцияны Қазақстан Республикасы Білімминистрлігінің Инклюзивті және арнайы білім берудепартаменті, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттықбілім академиясы және «Арнайы және инклюзивтібілім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалықорталығы» ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шара білім беру органдарының, әдістемелік қызметтердің, орта және техникалық/кәсіптік білім беру мекемелерінің, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялықорталықтардың, психологиялық-педагогикалықтүзету бөлімшелерінің, ғылыми және кәсібиқоғамдастықтардың, жұмыс берушілер мен ата-аналар қауымдастығының өкілдерін біріктірді.
Секцияның негізгі жұмысы басталмас бұрыноған қатысушылар «Инклюзивті орта: баланыңдамуы, оны қолдау және болашағына арналғаншешімдер» атты көрмені тамашалады. Көрмедеқолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға жәнеерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардықолдауға бағытталған заманауи ресурстар, жабдықтар, дамытушы құралдар мен практикалықшешімдер ұсынылды.
Кәсіби диалогтың басты тақырыбы әрбір балаүшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етудіңпрактикалық тетіктері болды.
Секция жұмысы инклюзивті білім берудегі өзекті мәселелерді талқылаудан басталып, стратегиялық бағдарларға, заманауи тәсілдер мен нақты практикалық шешімдерге ұласқан өзара тығыз байланысты екі бөлім бойынша ұйымдастырылды.
Бірінші бөлімде екі мәрте панельдік пікірталасөткізілді.
«Тең мүмкіндіктер мектебі: басқарушылықшешімдер, инклюзивті мәдениет және қолжетімдібілім беру ортасы» тақырыбындағы талқылауғақатысушылар арнайы білім беру жағдайларын жасау, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, мұғалімдердіңкәсіби құзыреттілігін арттыру және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің тиімдіжұмысын ұйымдастыру ісіндегі мектепбасшылығының рөлін қарастырды.
Екінші панельдік пікірталастың өзегі ерекшебілім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналғанкәсіби бағдар беру мәселесі болды.
Пікірталас барысында ерте кәсіби бағдар беруге, мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беружүйесі арасындағы сабақтастыққа, болашақ білім алужәне мансап жолдарын таңдауға, сондай-ақоқушыларды дербес өмірге даярлауға ерекше назараударылды.
Секцияның екінші бөлімі мемлекеттік саясатқа, халықаралық зерттеулер мен заманауи шешімдерге, өңірлік тәжірибе және нақты білім берупрактикасына қатысты мәселелерді қамтыды.
Инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың 2026–2027 оқу жылындағы басым бағыттары, әрбір баланың сапалы білім алуын қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдері, оқушыларды дербес өмірге және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға даярлау мәселелері, сондай-ақ өңірлік инклюзивті білім беру жүйесін дамыту тәжірибелері көпшілік назарына ұсынылды.
Практикалық бөлік ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға үздіксіз психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды оқытуда заманауи цифрлық және көмекші технологияларды қолдану, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ отбасылар мен білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті дамыту мәселелеріне арналды.
Секция жұмысының қорытындысы бойыншақатысушылар инклюзивті білім беруді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындады: әрбір білім алушының білім алу процесіне толыққанды қатысуын қамтамасыз ету; білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне негізделген арнайы білім беру жағдайларын жасау;психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасы мен үздіксіздігін арттыру; педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін және мамандар арасындағы командалық өзара іс-қимылды дамыту; тиімді педагогикалық, цифрлық және көмекші шешімдерді енгізу; ерте кәсіби бағдар беруді дамыту; білім беру мекемелері мен отбасылар арасындағы серіктестікті нығайту; тиімді өңірлік тәжірибелерді тарату.

Қорыта айтқанда, бұл жолғы кәсіби диалогтың түйінді нәтижесі – білім алушының сапалы білімге қолжетімділігін ғана емес, сонымен қатар оның білім беру процесіне толыққанды қатысуын қамтамасыз ететін нақты басқарушылық, педагогикалық және ұйымдастырушылық шараларды айқындау болды.