Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалаудағы цифрлық технологиялар

  • 03.09.2026
  • ННПЦ РСИО
  • 57

«Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалаудағы цифрлық технологиялар:» тақырыбында ПМПК басшылары мен мамандарына арналған онлайн-конференция өтті.

Конференцияға Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті, Қазақстан Республикасы ПМПК басшылары мен мамандары, жобаның авторлары мен әзірлеушілері қатысты.

Сонымен қатар Төреқұлова Бекзат Ахатқызы Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігінің инклюзивті және арнайы білім департаменті директорының м. а. және ҚР Оқу-Ағарту Министрлігінің инклюзивті және арнайы білім департаментінің бас сарапшы Буханова Айнұр Әділханқызы құттықтау сөз сөйлеп, модератор Жәдігер Қожахмет Әлішерұлы, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры сөз жалғады.

Сондай-ақ ПМПК қызметінде жобаны практикалық қолдану «Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалаудағы цифрлық технологиялар» жобасының тұсаукесері, Жобаның мақсаты мен міндеттері, оны әзірлеу тарихы, ПМПК қызметінде қолданудың негізгі бағыттары, құрылымы мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Конференция аясында еліміздің аса маңызды тарихындағы оқиғалардың бірі ретінде Ұлттық құрылтай сайлауы атап өтілді. Президенттің мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы Заңның жаңа жобасы кеңінен насихатталды.

Пікір алмасу және ашық диалог алаңы қатысушылардың сұрақтары, пікірлері мен ұсыныстары, барлық өңір бойынша ПМПК қызметінде цифрлық технологияларды қолдану перспективаларын алға тартты.

Сөз соңында «Кәсіби ынтымақтастықтың әрі қарайғы бағыттарын айқындау және жобаны жетілдіру керектігін ерекше атап өтті.» -Жәдігер Қожахмет Әлішерұлы «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры.