Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі – 2026» ҚР республикалық конкурсының II финалдық кезеңінің қорытындысын шығарды. Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізілді: «Арнайы білім берудің үздік педагог-инноваторы (арнайы балабақшаның, арнайы мектептің)», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік педагогі», «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің, аутизмі бар балаларды қолдау орталығының үздік педагогі».
Конкурс Қазақстан Республикасында арнайы білім беруді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген педагогтерді анықтауға және қолдауға бағытталды. Уақытылы ұсынылған материалдарды қарау қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары белгіленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық педагогтерге арнайы әрі инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!