Баспасөз релизі

  • 01.11.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 443

   "Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ 2022 жылғы 28 қазан мен 9 қараша аралығында өткізілетін іс-шараларды жоспарлау туралы хабарлайды.

  2022 жылғы 28 қазаннан 09 қарашаға дейін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының психологтары үшін "Оңалту орталғындағы аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

   Курстардың мақсаты арнайы білім беру ұйымдарының қызметіндегі соңғы өзгерістерге сәйкес ОО, ППТК психологтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

  1. «аутистік спектрдегі бұзылыстар» және «аутизм» түсініктемелері;
  2. АСБ бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жөніндегі заманауи зерттеулер;
  3. Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы;
  4. Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс барысындағы тиімді тәсілдер;
  5. ОО, ППТК психологтың жұмысы.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар үйренеді:

  1. ОО, ППТК жағдайында аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша негізгі құзыреттерді меңгеру;
  2. Жеке даму бағдарламасын бағалау мен жоспарлауға командалық көзқарас алгоритмін талдау және негіздеу;
  3. Аутизмі бар балалармен жұмыс жасау кезінде аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасында көрсетілген технологиялар мен әдістерді қолдану;
  4. Аутизмі бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау;
  5. Аутист баламен дамытушылық жұмысқа ата-аналарды тарту.