Пресс-релиз

  • 18.11.2022
  • ННПЦ РСИО
  • 591

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2022 жылғы 15 -25  қарашада өткізілетін іс – шаралардың жоспарланғаны туралы хабарлайды.
   2022 жылғы 15 – 25 қараша аралығында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың логопедтері үшін «ПМПК әлеуметтік-білім беру моделі жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды логопедтік тексеру және консультация беру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.
   Курстарда инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаның мәселелерін ашып көрсету және инклюзивті білім беру жүйесіндегі ПМПК қызметінің негізгі бағыттарын баяндау жоспарлануда: ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау.
   ҚР ОАМ 2021 жылы бекіткен ПМПК-да логопедтік тексеру және консультация беру бағдарламалары зерделенетін болады. Психикалық дамудың әртүрлі бұзылыстары бар балалардың сөйлеу ауытқуларына диагностика жасау және консультация беру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға логопедтік тексеру және консультация беру саласындағы негізгі құзыреттерге ерекше назар аударылады.
   Практикалық сабақтар барысында ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды логопедтік тексеру дағдылары бекітілетін болады.
   Курс аясында тыңдаушылардың өзіндік және бақылау жұмысы қарастырылған.
   Курс соңында пікір алмасу бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.