Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жаңа оқулықтар кешені» атты тақырыпта брифинг өтті
Брифингтың негізгі мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған оқулықтардың мазмұндылығын ашып айту, арнайы білім беру үшін педагог кадрлар даярлау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау мәселелері.
АИБД ҰҒПО ғылыми-әдістемелік бөлімінің мамандары Брайль оқулықтары бойынша – 14, нашар естейтін балаларға арналған – 14 оқулық және зиятында жеңіл түрдегі бұзылыстары бар білім алушыларға арналған - 8 оқу – әдістемелік кешендерді әзірлеуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 465 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – 44, арнайы мектеп ұйымдар – 99, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері – 208, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер – 92, оңалту орталықтары – 13, autism орталық – 9 жайлы кеңінен ақпараттар берді.