ХАБАРЛАНДЫРУ! ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні сағ 09.30-да Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған (World Autism Awareness Day) «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды білім беру кеңістігіне қосу» атты республикалық семинар өтеді.
Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының, ресурстық орталықтарының, Autism орталықтарының педагог-психологтары мен әдіскерлері, Білім басқармалары кабинеттерінің, өңірлік әдістемелік бірлестіктерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, студенттері және магистранттарды қатысуға шақырамыз!
Семинардың бағдарламасы:
-
• Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетудің заманауи стратегиялары
-
• Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі
-
• Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік оңалту
-
• Мектепте аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.