2023 жылғы 31 наурызда Дүниежізілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай АИБД ҰҒПО ұйымдастыруымен «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды білім беру кеңістігіне қосу» атты Республикалық семинар өтті.
Семинар мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңіндегі аутизмі бар балаларға көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылау болды.
Семинар бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтыды:
1. Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетудің заманауи стратегиялары
2. Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі
3. Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік оңалту
4. Мектепте аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Семинар бағдарламасына сәйкес орталық мамандары аутизм мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынып, тікелей байланыста шебер- сыныптарын ұйымдастыру арқылы арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға ҚР бойынша арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының, ресурстық орталықтарының, Autism орталықтарының педагог-психологтары мен әдіскерлері, Білім басқармалары кабинеттерінің, өңірлік әдістемелік бірлестіктерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, студенттері және магистранттары, ата-аналар қатысты.
Семинар 400-ден астам тыңдаушыны қамтыды, «еркін микрофон» арқылы кері байланыс өткізілді, қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді анықтап, алдағы уақытқа қойылған міндеттерді айқындады.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!