• 05.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 216

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартын және мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамызындағы №385 бұйрығына 1-қосымша) арнайы балабақшалардың әдістемелік жұмысының жағдайымен танысты. АИБД ҰҒПО әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы шеңберінде аға әдіскер А. Т. Баймуратова 27-31 наурыз аралығында Алматы қаласының №2, №13, №66, №137, №143 арнайы балабақшаларыа таныстыру сапары жүзеге асырылды.
Жалпы, аталған арнайы балабақшаларда жақсы жолға қойылған әдістемелік қызмет атап өтіледі. Сонымен қатар әдіскерлердің жұмысында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингінің нәтижелерін қорытындылауда, соңғы жылдары саны тұрақты өсіп келе жатқан (көбінесе мектепке дейінгі ұйымның штаттық кестесінде жоқ басқа профильдегі мамандардың көмегі қажет) дамуында ілеспе бұзылыстары бар балаларды оқытуда тәрбиешілерге көмек көрсетуде және нақты контурлары бар, қанықты түсті жекелеген пәндердің баспа суреттерінің сапасы төмендігі бойынша қиындықтар бар