Үй жағдайында оқыту туралы

  • 06.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 256

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың үйде оқыту құқығы денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 16 мыңнан астам бала үйде оқиды, оның ішінде 12 мыңнан астамы тұрақты негізде медициналық оңалтуды талап ететін аурулардың ауыр түрімен байланысты мүгедектікке ие

Үйде жеке оқыту негізінде білім беру процесін ұйымдастыру, іске асыру және бақылау үшін жауапкершілік директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

Оқу сабақтарының кестесі үйде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының пікірін ескере отырып жасалады және оны мектеп директоры бекітеді. Жеке сабақтар журналына кестеге сәйкес сабақ күндері, өткен материалдың мазмұны, мұғалімнің кестеге сәйкес жүргізуі тиіс сағат саны жазылады.

Мұғалім/маман сабақ өткізгеннен кейін ата-ана журналға өз қолын қояды. Осы жазбалардың негізінде педагог қызметкерлерге еңбекақы төленеді. Бұл ретте белгілі бір ережелерді сақтау қажет, олардың бірі: ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала ауырған жағдайда, еңбегі тарифтеу бойынша төленетін педагог ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімі бойынша өткізіп алған сағаттарын өтейді.