Дүниежүзілік денсаулық күні-Дені сау ұлт мерекесі
Дүниежүзілік денсаулық күні!
1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуір күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлемдегі адамдардың назарын халықаралық қауымдастықтың алдында тұрған жалпы денсаулық сақтаудың негізгі мәселелеріне аударуға мүмкіндік беріледі.
«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ барлықтарыңызды денсаулық күнімен құттықтайды! Дені сау, күшті әрі мықты болып өмір сүру керемет! Осындай пайдалы, маңызды және жағымды мереке күнінде бүкіл жер шарындағы адамдарға мықты денсаулық, өмірлік күш, жігер-ынта, жүздеріңізге күлкі, махаббат пен позитив тілегіміз келеді! Біз сіздерге жалқау болмауыңызды, физикалық және ішкі жан дүниелік денсаулығыңызға қамқорлық жасауыңызды, демалуды және өмірден ләззат алуды ұмытпауыңызды тілейміз!