«Инклюзивті білім: тәжірибе, проблемалар, шешу перспективалары» тақырыбында облыстық семинар-практикум
Бүгін Абай облысы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» ғимаратында «Инклюзивті білім: тәжірибе, проблемалар, шешу перспективалары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинарды Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нүскенова Әсем Хасенқызы ашты. Сондай-ақ семинарға инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Тілек Алтайұлы және Облыстық әдістемелік инновациялық орталықтың оқу процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Бласпаев Сейлғазы Қайроллаұлы қатысты.
Семинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың білім беру технологияларын енгізу және іске асыру тәжірибесін жинақтау және алмасу.
Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының 42 әдіскері мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қатысты.