«Біліктілікті арттыру курстарын жаңа форматта ұйымдастыру және өткізу» семинары

  • 10.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 256

2023 жылғы    7 сәуірде біздің орталықта «Біліктілікті арттыру курстарын жаңа форматта ұйымдастыру және өткізу» атты семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – орталықтың профессор-оқытушылар құрамын ҚР арнайы педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытудың жаңа үрдістерімен таныстыру, АИБД ҰҒПО-да жаттықтырушыларды оқыту курстарын өткізу жоспарларын талқылау.

Психология ғылымдарының кандидаты, әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі И.Г. Елисеева әріптестерімен біліктілікті арттыру курстарын өткізудің жаңа тәсілдерін талқылады.

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г. С. Дербисалова, өз сөзінде "Арнайы және инклюзивті білім беру бойынша жаттықтырушыларды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеу туралы" жобасымен бөлісті.

Қорытындылай келе, біліктілікті арттыру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы А.А. Қалдыбаева алдағы жылға арналған жаттықтырушыларды оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша деректерді ұсынды.

Орталықтың директоры А.М. Кудеринова семинарды қорытындылай келе: орталықта жаттықтырушыларды оқытуды іске асыру бойынша кешенді жұмыс басталып, негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары анықталғандығын айта кетті.

Семинарға бөлім басшылары, әдіскерлері, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарының оқытушылары қатысты.