2023 жылғы 11 сәуірде, “Асыл Мирас” аутизм орталығы, Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы бірлесіп, «Дағдарыс барысында баламен жұмыс істеу тәсілдері және дағдарысты жеңу жолдары» тақырыбында шеберлік-сыныптарын өткізді. Семинарға 20 арнайы білім беру мамандары қатысып, «MSPP» дағдарыстың алдын-алу тәсілдері мен қолайсыз міңез-құлықты жеңудің жолдарымен танысты.