Мінез-құлықты қолданбалы талдау (АВА) бойынша жұмыс істейтін ҚР мамандары бірлестігімен өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды
Бүгін Орталықта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен Мінез-құлықты Қолданбалы Талдау (АВА) бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мамандары бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында алдағы серіктестік мәселесі және жоспарлар талқыланды
Кездесу қорытындысы бойынша инклюзивті білім беру саласында бірлесе даму мен өзара байланысты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.