Жетісу облыстық инклюзивті қолдау және тәжірибе алмасу ресурстық орталығы ашылды

  • 12.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 379

Жетісу облысының К.Ушинский атындағы  N°7 орта мектебінде облыстық инклюзивті қолдау  және тәжірибе алмасу ресурстық  орталығы ашылды.
Ресурстық кабинеттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне тиімді қосу үшін жағдай жасау үшін қажет, бұл барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Біздің орталық Жетісу облысындағы әріптестерін осындай айтулы оқиғамен құттықтайды. Жаңа ресурстық орталыққа инклюзивті білім беру идеялары мен қағидаттарын белсенді түрде дамытуды, педагогтар мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарына, ата-аналарға және басқа да мүдделі тұлғаларға сапалы консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді тілейміз! Сәттілік!!!