«Ресурстық орталық – Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың бастамасы» атты Республикалық семинары
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2023 жылдың сәуір айының 21 жұлдызы, сағат 09:00-де «Ресурстық орталық – Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың бастамасы» атты Республикалық семинарын ұйымдастырады.
Семинардың негізгі мақсаты: Ресурстық орталықтардың қызметін жетілдіру, тәжірибе алмасу, тәжірибеге бағдарланған алаң құру.
Семинарға қатысушылар: инклюзивті тәжірибелерді дамытудың облыстық ресурстық орталықтардың басшылары, сондай-ақ білім басқармаларының орынбасарлары мен мамандары, арнайы және инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін облыстық әдістемелік кабинеттердің/орталықтардың әдіскерлері.