ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН XVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖҰЛДЫЗАЙ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІРКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ
Жыл сайын, BI Group холдингінің бастамасымен құрылған BI Juldyzai корпоративтік қоры ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалін ұйымдастырып келеді. Бұл балалардың өнерге деген ынтасын арттыруына үлес қосып, дарындылығын паш ететін тамаша мүмкіндік.
Оған дәлел 2022 жылғы «Жұлдызай» фестивалінің гран-при иегері - Айбын Жумабеков, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектебінің оқушысы. Айбын 2022 жылы өткен «Белая трость» Халықаралық қайырымдылық фестивалінің финалисті атанды. 11 елден келген, 800 үміткерлер арасынан суырылып шыққан жас талант гала-концертте еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғады.
2023 жылғы XVII «Жұлдызай» фестивалінің Республикалық ірктеу кезеңі нәтижесі 18 сәуір күні белгілі болмақ.
Жас талантарға сәттілік!