«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

  • 13.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 235

Бүгін, 13 сәуір күні инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялары мен отандық инклюзияның табысты тәжірибелерін талқылау мақсатында «Инклюзивті білім беру – инклюзивті қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ауқымды іс-шара  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты», Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері, Ақмола облысының  инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің өкілдері, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін қамтыды. 
Конференция материалдары http://bilim.astana.kz/, https://astana-modern.edu.kz/ru/  сайттарында жарияланады.