Педагог-психологтар онкүндігі аясында мамандарға арналған дөңгелек үстел өткізілді

  • 13.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 213

Педагог-психологтар онкүндігі аясында Астана қаласы әкімдігінің "№2 Оңалту орталығы" КММ-де 2023 жылғы 13 сәуірде "№2 Оңалту орталығы жағдайында АВА терапияның әдістері мен тәсілдері" тақырыбы бойынша мамандарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Орталықтың жетекші психологы Қонкулова Гүлдана Кәкімжановна аутизм диагнозы бар ерекше балаларды оқыту бойынша қызықты ақпараттарымен бөлісті. Бұл тақырып бүгінде өте өзекті, жыл сайын аутизм диагнозы бар балалар саны артып келуде. Мамандар кездесудің практикалық бөлігіне белсенді қатысты. АВА терапияның әдістері мен тәсілдерін өздеріне қолдана отырып тәжірибе жүргізді. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру мамандардың барлық санаттары үшін одан әрі табысты жұмыс жасау үшін өте тиімді.