"ӘРБІР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
«Аяла» өқжбқо-да 2023 жылдың 12 сәуір күні орталық тәрбиеленушілеріне арналған "Әрбір бала бақытты болуға лайықты" атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Шараға Ақтөбе қаласы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетінің техникалық мамандықтар кафедрасының студенттерінен құралған еріктілер тобы қатысты. Шара бағдарламасы бойынша тәрбиеленушілермен түрлі интелектуалдық конкурстар, векториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалардың ішік эмоциясын анықтау бағытында сурет салу тренингі және қонақ ретінде келген аниматорлармен бірге түрлі ойындар өткізілді. Шара соңында орталық тәрбиеленушілері естелік сыйлықтармен марапатталды.