АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ТЕРАПИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін, 2023 жылдың 14 сәуір күні Хромтау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде жоспарлы екі апталық ашық есік фестиваль аясында ұйымдастырылған "Ананың алақаны-балаға айдынды көл!" атты ата-аналарымызға арналған психологиялық тренинг терапиясы өтті. Іс-шара барысында балалармен анасының қарым-қатынасын тиімді бағалап, дамыту, нығайту дағдылары талқыланды.