Бүгін біздің Орталықта Наурыз мейрамы тойланды.

  • 14.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 156

Бүгін біздің Орталықта Наурыз мейрамы тойланды. Бұл мейрамды ұзақ уақыт тойласа да жарасады, себебі бұл мейрам ұлттың мәдени көрінісі болып саналады. Наурыз мейрамында балалар өнер көрсетіп, қазақ ұлттық ойындарына қатысып, салт-дәстүрімізді тамашалады. Сонымен қатар шашу шашылып, барлығы қара жорға биін билеп, кішкентай бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Мұндай керемет мереке үлкендерге сыйластық пен кішілерге кішіпейілділік, кешірімділік және бірліктің белгісі ретінде балаларымыздың таным көзқарасын өрістетеді.
Наурыз мейрамы арқылы көктемнің жылуымен келген шуақты көңіл-күй тілейміз!