Оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің педагог-дефектологтарына арналған курс өтуде
2023 жылғы 10 сәуірден бастап орталықта оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің педагог-дефектологтары үшін «Мектеп жасына дейінгі зиятында бұзылыстары бар балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Тыңдаушыларды курстық даярлау ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және арнайы педагогикалық көмек көрсету бойынша кәсіби қызметті ұйымдастыру кезінде білім беру саласындағы ҚР заңдары мен заңға тәуелді актілер туралы нормалар білімін пайдалану қабілетін қалыптастыру жөніндегі міндеттерді зерделеуді, ерте және мектепке дейінгі жастағы зиятында бұзылыстары бар балалардың психикалық даму ерекшеліктерін ашу сұрақтарын қамтып отыр.