Орталық мамандарының Ақтөбе облысының арнайы білім беру ұйымдары бойынша жұмыс сапары өтуде

  • 18.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 264

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап біздің орталықтың мамандары Ақтөбе облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері бойынша танысу жұмыстарын бастады. Сапардың мақсаты - заманауи әлемдік арнайы білім беру жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша тәжірибе алмасу.
Қазіргі уақытта мониторингтік топ Ақтөбе облысының оңалту орталығына және Алға ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барып үлгерді. Кездесу барысында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің қызметі көрсетілді. Білім мен тәжірибе алмасу мақсатында біздің орталықтың логопед-педагогы Харинская Екатерина Викторовна сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсету және дамыту бағдарламаларын әзірлеу процесін көрсетті. Орталықтың емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Токарева Анастасия Сергеевна ЕДШ  нұсқаушыларына кеңестерін берді.