АИБД ҰҒПО мамандарының Ақтөбе облысының арнайы білім беру ұйымдарына жұмыс сапары жалғасуда

  • 19.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 168

Орталық мамандарының Ақтөбе қаласындағы №1 және №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін аралаған екінші күні.
Ақтөбе қаласының №2 ППТК басшысы Нурсеитова Айкен Канафеевна ұжыммен бірге өз өнерлерін көрсетіп, Республикалық байқауына қатысқан балаларды таныстырды. Сонымен қатар жас мамандар өздерінің дидактикалық материалдарын көрсетті. Ұлттық орталықтың педагогтары кабинеттің педагогтары әзірлеген зерттеулерін тексеріп, балалармен бірлескен ойындарға қатысты және мамандарға ұсыныстар жасады.
Суретте ППТК музыкалық жетекшісінің тәрбиеленушілері облыстық «Біздің таланттар» шығармашылық байқауында жүлделі орындарға ие болғанын көре аласыздар.
Сондай-ақ суретте музыкалық жетекші мүмкіндігі шектеулі балалардың есту және сөйлеу тілі қабілетін дамытуға қалай шығармашылықпен қарайтынын көрсетті. Қонақтар үлкен қуанышпен балалармен бірге бірнеше ән шырқады.