Жалпы білім беретін мекемелерде арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында аудандық семинар өтті

  • 20.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 209

Ұлытау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебінде  аудандық семинар өтті.  Орталығымыздың арнайы және инклюзивті мектеп білім беру зертханасының ғылыми қызметкері, арнайы педагогы Аханова Жанбота Бактыбековна арнайы мекемелерде болып,  өңірдегі хал-ахуалмен танысты.  "Жалпы білім беретін мекемелерде ерекше білімді қажетететін балаларға жағдай жасау" тақырыбында баяндама жасады.