«Еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту туралы» тақырыбында брифинг өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі" РММ платформасында «Еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында қазіргі уақыттағы инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы назар аударуды қажет ететін мәселелер қозғалды. Нақты айтқанда,
-балаларға арналған педагогикалық-медициналық-психологиялық консультацияның ерте жастан бастап баланың қажеттілігін анықтап, оған көмектесу бағытындағы қызметі
-білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру мен тағы басқа ынталандру шаралары
-кадрлар жетіспеушілігі жайлы мәселе
-түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарына деген сұраныстың артқандығы хабарланды.
Сөз соңында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың болашағын құруда инклюзивті білім беру ұйымдары мен ата-аналардың біріккен жұмыстарының маңыздылығы жоғары екендігін атап өтті.