«Бочча» спорт түрінен аудандық турнир өтті

  • 21.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 170

«Тең мүмкіндіктер әлемі» жобасы аясында «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен  Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Мектеп-лицейінде аудандық турнир өтті. Бочча ойындары жоғары тиянақтылық  пен жылдамдықты қажет ететін стратегиялық ойлауды дамытатын уникалды спорт түрі. Турнирге 40-қа жуық оқушы қатысып, үздік нәтижелерін көрсетіп қана қоймай, көрермендерге  тамаша эмоциялар сыйлады. Әр жас санаты бойынша жеңімпаздар сыйлақтармен марапатталды. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ары қарай спорт шыңдарын бағындыра берулеріңізді тілейміз!