Орталық мамандарының Ақтөбе облысының арнайы білім беру ұйымдарына таныстыру сапары аяқталды

  • 24.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 202

Жұмыс сапарының соңғы күндерінде Орталық мамандары Ақтөбе қаласының Аутизм орталықтарындағы  таныстыру экскурсиясына қатысты. Сондай-ақ, жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында болып қайтты. 
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының  Мәртөк ауылының, Шұбарқұдық ауылы және Қандыағаш қаласының түзету кабинеттерінің қызметімен танысып, тәжірибе алмасты, педагогтарға оқыту процесін оңтайландыруда әдістемелік көмек көрсетілді.
Таныстыру жұмыстарын қорытындылау мақсатында командалық бағалау бойынша пәнаралық семинар және дөңгелек үстел өтті.