Орталық тәрбиешілері бастауымен ашық сабақтар аптасы

  • 25.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 141

2023 жылғы 24 сәуірден 5 мамыр аралығындаорталығымызда  күндізгі эксперименттік топ тәрбиешілерінің ашық сабақтары өткізіліп жатыр. 24 сәуір күні сөйлеу қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған №5  тобының тәрбиешісі Куанышева Гульбану Кадыжановна ашық сабақ өткізді. Қоршаған әлеммен танысу іс-шарасы аясында педагог балалармен жұмыс бағдарламасының әртүрлі әдістерін қолданды.
Тәрбиеші Обашкина Лидия Михаловна «Түскі ас» режимі аясында зиятының бұзылысы бар №3 эксперименттік топта ашық сабақ өткізді.
Сонымен қатар, бүгін -  тәрбиеші Куанышева Гульбану Кадыжановна «Малышарики» тобына «Таңғы ас» режимі аясында сабақ өткізді. 
Әрбір ашық сабақтан кейін талқылау, сабақтың рефлексиясы жүргізіледі. Нәтижесінде әріптестер арасында оқыту процессін жетілдіру бойынша пікір алмасып, ұсыныстарымен бөліседі.