«Инновациялық әдістер мен техникалар арқылы ЕБҚ бар балалардың оқуы мен жазуын түзету» тақырыбында тәжірбиелік-семинары өтті
2023 жылдың 26 сәуірінде «Инновациялық әдістер мен техникалар арқылы ЕБҚ бар балалардың оқуы мен жазуын түзету» тақырыбында жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық тәжірбиелік-семинары өтті. Семинар Астана қаласы әкімдігінің «№2 оңалту орталығы» жетекшілігімен ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада мамандар арасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқу және жазу бұзылыстарын түзетуде әдіс-тәсілдер талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асты.
Атап айтсақ:
• «Акустикалық дисграфияны түзету жаттығулары» -логопед мұғалімі Маханбет Айнұр Мұратбайқызы;
• «Оптикалық дисграфия» - логопед мұғалімі Утельбаева Карлыгаш Батырхановна;
• «В.М. Акименко әдістемесі арқылы аграмматикалық дисграфияны түзету», -дефектолог мұғалімі Раимбекова Сандугаш Курмашевна;
• «Жылдам оқу элементтерін пайдалана отырып, саналы оқу дағдысын дамыту» логопед мұғалімі Қыдырәлі Гүлайым Мұқанқызы өз шеберліктерімен бөлісті.