"Арнайы және инклюзивті білім беру ортасы жағдайында жұмыс жасайтын жоғары білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау теориясы мен практикасы" халықаралық Flash-семинары өтті

  • 27.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 235

2023 жылғы 25 сәуірде "Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КеАҚ мен Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының арнайы білім беру кафедрасы ұйымдастыруымен  "Арнайы және инклюзивті білім беру ортасы жағдайында жұмыс жасайтын жоғары білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау теориясы мен практикасы" атты халықаралық Flash-семинары өтті. Бұл семинардың мақсаты арнайы білім беру ұйымдарында және инклюзия жағдайында жоғары білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын арнайы педагог студенттерді (дефектологтарды) даярлаудың теориялық және практикалық тәжірибесін және арнайы педагогтарды жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау процессінің жалғасуын анықтау болды.   
Аталған семинарда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Жанна Балғожинқызы Атығаева сөз сөйлеп, арнайы білім беру кафедрасымен серіктестігі  жайлы тәжірибесімен  бөлісті.
Жанна Балғожинқызы бұл серіктестік тәжірибесі болашақ арнайы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың қажетті шарты екендігіне баса назар аударды.
Flash-семинарда жоғары білім беру жүйесінде арнайы педагогтарды даярлаудың қазақстандық тәжірибесімен қатар, ресейлік жоғары оқу орындары ғалымдарының да білімдері де  ортаға салынды.