«Біз де чемпион боламыз» қалалық шахмат-дойбы жарысы өтті

  • 27.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 182

2023 жылғы 26 сәуірде Шымкент қаласы білім басқармасы  «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» «Біз де чемпион боламыз» атты  ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында қалалық шахмат-дойбы жарысын ұйымдастырды.
Іс-шараға жауынгерлік самбодан әлемнің 3 дүркін чемпионы, ережесіз жекпе-жек тен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Оспанов Арман Әріпханұлы қонақ ретінде қатысып, балаларға сәттілік тіледі.
 
Жарысқа білім басқармасына қарасты арнайы мектеп-интернаттарында оқитын 6-9 сынып оқушылары қатысып, оза шапқандары жүлделі орындарға ие болды.  
 
Дойбы ойынынан І орын иегерлері:
-Сейдаманов Жандос «Сайрам көмекші мектеп-интернаты»;
-Қарынтай Есімхан Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп – интернаты;
-Моминшикова Сарвиноз «Сайрам көмекші мектеп-интернаты»;
-Турегелді Қарақат Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп – интернаты.
 
ІІ орын иегерлері:
-Әмзе Бақберген «Сайрам көмекші мектеп-интернаты»;
-Шалқарбай Мирас «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернат»;
-Розакулова Ирод «Сайрам көмекші мектеп-интернаты»;
Сейдалхан Айзере «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернат».
 
Шахмат ойынынан І орын:
-Жамбыл Элдар «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп – интернаты»;
 
ІІ орые иегерлері
-Асхар Сабина «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп – интернаты».
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз, мақсаттарыңызға анық қадамдап, шыңдарды бағындыра беріңіздер!