Тифлопедагогтар мен тәрбиешілерге арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

  • 27.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 186

Орталығымызда арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар жағдайында мектеп жасына дейінгі көру қабілеті бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау негіздері бойынша арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тифлопедагогтары мен тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті.
Қатысушылар арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларымен танысып, инклюзивті білім беру, жеке және қысқартылған оқу бағдарламалары, гигиена және көру қабілетін қорғау ұғымдарын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу үшін қандай арнайы жағдайлар жасалатынын қарастырды.