Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Қостанай облысындағы күндері: білім мен инклюзияға баса назар аудару

  • 27.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 184

26-28 сәуір аралығында аймақта Қор күндері өтеді. 
 Қор күндерінің бағдарламасындағы ерекше тармақтың бірі Рудный қаласындағы «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығына (Володарский көшесі, 1) және инклюзияны қолдау кабинетіне (ИҚК - №17 ОМ, Парковая көшесі, 104) бару болды. 
Бұл орталыққа 3 пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балалар келеді. Жылына 600 пациентке қызмет көрсетіледі. Мұнда церебральды сал ауруы, мидың, жұлынның туа біткен ақаулары, нейроинфекцияның салдары т.б. диагноз қойылған балалар жүгінеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы айтуынша, қазірдің өзінде 15 оңалту орталығы, 8 ерте араласу орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және аутизмі бар балаларға арналған 2 орталық ашылды.
Биыл тағы 12 ерте араласу орталығын, аутизммен ауыратын балаларға арналған 6 орталықты және 6 оңалту орталығын ашу көзделіп отыр. 
 
«Жас таланттарға қолдау көрсету, өзін-өзі танытуға жаңа мүмкіндік жасау, Қазақстанда инклюзияны дамытуға жәрдемдесу – бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының басты міндеті.», - деді орталықты аралаған Әлкей Марғұланұлы.