"Дизайн-білім беру және инклюзивтілікті дамыту: теория, әдістеме және практика" атты халықаралық конференциясы өтті

  • 27.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 197

2023 жылдың 26-сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігі «Talap» КЕАҚ бастамасымен дизайн-білім берудің өзекті мәселелерін шешу үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін дизайн саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары мен басқа да ұйымдардың бірлескен ынтымақтастығын жандандыру мақсатында  "Дизайн-білім беру және инклюзивтілікті дамыту: теория, әдістеме және практика" халықаралық конференциясы өтті. 
Конференцияда «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» жанындағы ОӘБ директоры, төрағасы А. С. Сапарованың, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, арнайы жəне инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері, «Азамат әлеуеті» жеке Қайырымдылық қорының Президенті А. Д. Сейсенованың, Грузиядан Novel trip туристік компаниясының директоры В. А. Бурованың, дизайн факультетінің деканы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының Халықаралық білім беру корпорациясның маманы А. А.Зименконың,  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының халықаралық білім беру корпорациясының зерттеуші профессоры, сәулет докторы Л. Т. Нуркушеваның баяндамалары тыңдалды. 
Баяндамашылар инклюзивті білім берудегі ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибе, дизайн саласындағы орта буын мамандарын инновациялық даярлауды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті, қолда бар нормативтік-құқықтық және материалдық-техникалық базалар көрсетілді, сондай-ақ болашақ дизайнерлерді оқытуда әртүрлі тиімді әдістемелер мен технологиялар ұсынылды.