Орталыққа Болгария елінен ЮНИСЕФ делегациясы келді
2023 жылдың 26 сәуірінде орталыққа Болгария елінен ЮНИСЕФ делегациясы келді. Зерттеу және бағалау бойынша сарапшылар мен кеңесшілер-Наталья Герасимова Христова-Михайлова, PhD, Стоян Георгиев Михайлов, PhD, Рая Михайлова. Қонақтар ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту саласында зерттеулер жүргізіп жатқаны туралы айтты.
Кездесу барысында біздің мамандар Ерсарина Алия Касымхановна, Елисеева Ирина Геннадьевна, Егорова Елена Валерьевна Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың ағымдағы жағдайы туралы, нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәжірибесіндегі оң үрдістері мен өзекті мәселелері туралы толық сұхбат берді.
Кездесу жылы әрі достастық жағдайда өтті. Қатысушылар біздің еліміздегі, сондай-ақ жалпы әлемде инклюзивті білім беру болашағына қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасып, талқылады.