«Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері» атты Республикалық семинар өтті
2023 жылдың сәуір айының 27 жұлдызында «Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері» тақырыбында семинар өтті.
Барлық өңірлердің әдіскерлері қатысуымен өткен семинарда Орталық мамандары инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы бағыттарын, нақтырақ айтқанда инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын, нормативтік-құқықтық актілерді, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ арнайы және инклюзивті білім беру ерекшеліктері бойынша әдістемелік ұсынымдар жайлы сөз қозғалды. Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс аясында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.
Семинар инклюзивті білім беру саласын қамтитын пайдалы ақпараттарға толы болды.